https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Wakf
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Wakf

ТАЛДЫҚОРҒАН: “УАҚЫП-САРҚЫЛМАЙТЫН САУАП” ЖИЫНЫ ӨТТІ

26 May 2022 0 comment Оқылды: 243 рет

ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай арнайы іс-сапармен Талдықорған өңіріне келіп, уақып жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ардақ Нүсіпханұлы Талдықорған өңіріне қарасты, қала-аудан имамдарымен кездесіп, «Уақып – сарқылмайтын сауап» тақырыбында сұхбат өткізді. Көшпелі насихат жұмысында имамдарға уақыптың негізгі мақсаттары кеңінен түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ, Ардақ Нүсіпханұлы жамағатты жақсылық жасауға шақырып:

«Жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік сөздерін жиі естиміз. Жақсылыққа бала жастан үйретеміз. Жасынан жамандық жасамауға, әркімге көмектесуге, жақсылық жасап жүруге, мейірімді болуға үйренген бала есейгенде де жамандыққа бара қоймасы анық. Мұндай тәрбие ата-ананы баласы есейгенде ұялтпайды, қоғамда жақсы адамдардың санын арттырады» дей келе, Құран аяттары мен Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтірді. Жиын соңында Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы Ардақ Нүсіпханұлына алғысын айтып, үлкендер ақ батасын берді.

Сапар аясында басқарма басшысы жергілікті кәсіпкерлерменде кездесіп, насихат жұмысын жүргізді. Сарқылмайтын сауап жайында әңгіме өрбітіп, игі іске қостау болуға, қайырымдылық жасауға, ұлықтығы биік асыл дінімізге қамқор болуға шақырды.

{gallery}Wakf{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз