ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Сағидоллаұлының жетекшілігімен көшпелі жиын аясында Ескелді аудандық орталық мешітінде алда келе жатқан Құрбан айт мерекесі қарсаңында атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында қала және аудан имамдарының жиыны өтті.
Жиналыста Құрбан айт мерекесіне орай мүфтияттан келген тапсырмалар легі пысықталды. Бас имам Алмас Сағидоллаұлы ұлық мерекеге имамдардың онлайн және офлайн режимде дайын болуларына, діни рәсімді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтауларына, қасапшыларға шариғат талаптарына сай мал сою ережелерін толықтай түсіндіруіне, арнайы QURBAN2022.KZ жұмыс штабын бекіту сынды тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, өңір имамдарының ұсыныстары тыңдалды. Бас имам ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілуін, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген рухани кітаптарды халыққа насихаттауды, діни мақалаларды көбірек жазуды, уағыз-дәрістерді жүйелі түрде өткізуді, халық тарапынан қойылған сұрақтарға дер кезінде жауап беруге және жат ағымның алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.
Жиын соңын Бас имам Ұлық мерекені жоғары деңгейде өткізіп, шынайы ықыласпен асыл дінімізге қызмет етуде ынтымақ-бірлігімізден айырмауынан Алла нәсіп етсін! - деп дұғамен аяқтады.{gallery}Qurb 22{/gallery}