https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

“ЕҢБЕК АУЫЛДЫҚ МЕШІТІНЕ” жаңа бас имам тағайындалды

22 May 2022 0 comment Оқылды: 138 рет

Қасиетті жұма күні Талдықорған қаласына қарасты Еңбек ауылының “Еңбек ауылдық мешітіне” жаңа бас имам тағайындалды. Жұма намазына жиылған жамағатқа Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында уағыз айтып, жаңа бас имамды таныстырды. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, жаңа бас имам Әбіләкімұлы Ибрахим құттықтау лебізін білдірді.
Ал, осы мешітті талай жылдар қызмет қылған Айдын ағамыздың иығына шапан жауып, ата-салтпен қошемет көрсетілді.
Әбіләкімұлы Ибрахим
1988 жылы туылған.
2008- 2011 Алматы қаласындағы Көктөбе қарилар медіресесін тәмәмдап, Қасиетті Құранды толық жаттап шыққан. 2012-2016 Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениет университетінің исламтану мамандығы бойынша бакалавр дипломын алған. Отбасылы 4 баласы бар. Еңбек жолы : 2016-2022 жылдар аралығында Талдықорған қалалық Нұр мешітінің ұстазы, наиб имамы қызметтерін атқарған.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз