Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі
Текелі қалалық "Керімбек Би" мешіті "Ислам ынтымақ және бірлік діні" жылы аясында облыстық мешіт жамағаттың арасында футбол турнирі .
Футбол қол күрес гір тасы ұлттық ойындар дәріптеліп мешіт жамағаты арасынан Кербұлақ ауданы футболдан бірінші орын 50000 теңге Ескелді ауданы екінші орын30000 теңге Нұр мешіті үшінші орын 20000 теңге
Қол күрестен Алакөл ауданы 1 орын Көксу ауданы 2 орын. Қаратал ауданы 3 орын.
Гір тасын көтерген Еркін ауылдық мешіті 1 орын Қаратал ауданы 2 орын Көксу ауданы 3 орын қаржылай сыйлық грамота табыстарды
Қала алыс жақын ауданнан келген мешіт жамағаттарына 150 адамға дастарқан жайылып ас берілді. Шараға Текелі қаласының құрметті азаматы Текелі қалалық Футбол федерациясының президенті Дүйсебаев Ертай сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Талдықорған қалалық Нұр мешітінің бас имамы Алпысбаев Жансерік жарысқа қатысушыларға мұсылманның әдебі тәртібі жайында ақыл кеңесін айтты. Және осы шараны ұйымдастырушы Текелі қаласы Керімбек би мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы бұл жарыстың негізгі мақсаты ұтып жеңіске жету емес мешіт жамағаттарының бір бірімен етене араласып хадисте айтылғандай Мұсылман бір дене секілді бір біріне жанашыр бір біріне мейірімді басты мақсат ауызбіршілік екенін тілге тиек етті. Жарыс соңында мешіт жамағаты ізгі тілектерін ризашылықтарын білдіріп тарады.
Текелі қаласы Керімбек би мешітінің
наиб имамы Ұлықбек Жанат
{gallery}Jeniske birge{/gallery}