Ескелді ауданы Ақынсара ауылдық мешітте ауыл имамы Турысбаев Қуатбек Ерғалиұлының ұйымдастырумен Ораза айт мерекелік шаралар ауыл тұрғындарына арнап мерекелік концерт, қой көтеру, гір тас, Қол күрес, Қазақ күрес, арқан тарту, көкпар мен тай бәйге ойындары өтті, қаржылай және заттай марапат берілді.
Мешітте асханасында 250 кісіге арнап айттық мереке дастарқан жайылып ауданы бас имамы Мұхаммед Ордыбай ұрпақ тәрбиесі мен дәстүр жайында насихат айтты.
Шариғаттың талабы болған Зекет үлестірілді.
10 қой, 5 ешкі малы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылды.
Зекет – мұсылмандардың бес парызының бірі, яки мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндетті садақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.
{gallery}Akyn sara{/gallery}