Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қаратал ауданының бас имамы Бердібек Нұқтарұлының ұйымдастыруымен Орталық мешітте шәкірттер арасында Құран Кәрімнің 30-шы парасын мәнерлеп, ережемен қатесіз оқудан жарыс өткізілді. Сонымен қатар тек құран оқып қоймай, бірқатар діни сұрақтарға жауап беріп, ерекше көзге түскен шәкірттер арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырылған іс-шарамызға Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы қонақ ретінде қатысты. Сөз соңында аудандық имам “Құранды оқып үйренуден” дәріс берген ұстазы: Жасұлан Каманбекұлына және де балаларын мешітке жіберіп, қолдау көрсеткен ата-аналарға рахметін айтып, ерекше алғыс білдірді. Осы жарысқа ат салысып, қолдау көрсетіп, қызметте жүргее барша мүмін мұсылмандарға мешіт ұжымы алғысын айтуда. Алла Тағала сауаптан жазып, екі дүниенің иләһи бақытына жетулеріне нәсіп етсін! {gallery}Qarat{/gallery}