https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Konf
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Konf

БАС МҮФТИ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ СТАМБҰЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

16 Apr 2022 0 comment Оқылды: 140 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркияның Стамбұл қаласында өткен «Жаһандық індет, экономикалық кризис және цифрлы әлем тұрғысынан түркі-Ислам әлемінің болашағы мен діни басқармалар» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің діни басқармаларының төрағалары, атап айтқанда Түркия Діни басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазаде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров қатысты.

Халықаралық жиын қасиетті Құран аятымен ашылды. Одан ары Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербаш дін қайраткерлеріне игі тілегін жеткізді. 

Жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнаулы баяндама жасап, тұтас түркі жұртын біріктіретін негізгі нәрсе – тарихи тамырластық пен ортақ мүдде екеніне тоқталды. Осы мақсатта мамыр айында Түркістан қаласында Түркітілдес елдер мүфтилерінің алқасы құрылатынын айрықша атап өтті.

«Біздің түркі жұртына ортақ дүние көп. Дініміз, діліміз, тіліміз, тіпті мәдениетіміз де ұқсас. Сондықтан бізге өзара байланысты әлі де арттыра түсу маңызды. Түркітілдес елдер мүфтилерінің алғашқы отырысы алдағы мамыр айында Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында өтетінін тағы да еске салғым келеді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Алқалы жиында түркі-Ислам әлемінің келешегі, мемлекеттер мен діни басқармалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Конференцияда қасиетті құран аяттарын ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров оқыды.{gallery}Konf{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз