Пайғамбарымыз (с.а.с.) бірнеше хадистерінде: «Кімде-кім сауабын Алладан күтіп Рамазан намазын (тарауихты) шын көңілмен оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», «Алла рамазан айында ораза ұстауды парыз етті. Мен сендерге рамазанның кештерінде намаз оқуды (тарауихты) сүннет еттім. Кім Алла тағалаға шын көңілмен иман келтіріп, қарымын тек Алладан ғана күтіп ораза ұстап, намаз (тарауихты) оқыса, күнәлары кешіріліп анасынан жаңа туған нәрестедей күйде болады», – деп барша үмметін тарауих намазын оқуға ынталандырған. Демек, адамдар үшiн жолбасшы, тура жолды түсiндiрiп, ақ пен қараны, сауап пен күнәні, адал мен арамды, ақиқат пен жалғанды, жақсы мен жаманды айырушы, жаман қылықтан сақтандырушы қасиеттi Құран Кәрім түскен ай осы Рамазан. Олай болса, Рамазан «ораза айы» деп аталуымен қатар, «қасиетті Құран айы» деп те аталады.
Барша мұсылман рамазан айында қасиетті Құранды әлденеше көбірек оқиды. Осы айда Құранды бастан-аяқ хатым ету – Пайғамбарымыздың сүннеті. Сондықтан Рамазан айында мешіттерде тарауих намазы оқылып, онда Құран хатым түсіріледі.
Тарауих намазы мүбарак Рамазан айының ең көзге көрінген маңызды ғибадаттарының бірі. Құптан намазынан кейін оқылатын жиырма рәкағаттық намаздың атауы. Тарауих намазын мешітте жамағатпен оқу абзал. Аталмыш намаздың үкімі сүннәт мүәккада (бекітілген сүннет) саналады. Рамазан айында тарауих намазын оқу ислам рәмізі. Тарауих – Рамазан айына ғана тән құлшылық. Өңірдің барлық мешітінде “Құран аяттарының хикметі” оқылатын аяттардың түсіндірме дәрістері жалғасын табуда.{gallery}Quran hikmeti{/gallery}
ҚҰРАН АЯТТАРЫНЫҢ ХИКМЕТІ
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
03:10
Күн
04:39
Бесін
11:47
Екінті
16:43
Шам
18:50
Құптан
20:19
27
сәуір 2025
жексенбі
28 Шәууәл 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!