РАНТ мүшесі Смайыл Сүйерқұлұлы кезекті кездесуді қоғамдық тәртіп сақшыларымен, яғни полиция қызметкерлерімен өткізді. Талдықорған қаласының ІІБ-ның жергілікті басқару қызметі мен полициясының жеке құрамы қатысқан дәрісте Смайыл Сүйерқұлұлы дініміздің негізгі құндылықтарын кеңінен түсіндірді. Кездесуге жергілікті полиция қызметінің бастығы Жеңіс Баянбекұлы, облыстық дін істер басшысының орынбасары Матаев Ерлан қатысты. Полиция қызметкерлерімен кездесуде Ислам діні мен кейінгі кезде орын алған экстремистік жағдайлардың ара-жігін ажыратып, дәстүрлі дініміз одан пәк екенін жіті түсіндірді.
Дәстүрлі ислам мен теріс ағым жайында кеңінен түсіндіре келе, айырмашылықтарына да тоқталды. Деструктивті жат ағымның шығу мен қоғамға тигізер зияны жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы құжаты полиция қызметкерлеріне таныстырылды. Кездесу соңында тәртіп сақшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.{gallery}Police kyzmet{/gallery}