https://www.facebook.com/taglym

          

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/ihsan
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/ihsan

«ИХСАН ІЛІМІ РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫ»

20 Mar 2022 0 comment Оқылды: 167 рет

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының насихат жұмыстары Талдықорған өңірінде қарқынды түрде жүріп жатыр. Осы орайда Сарқан аудандық орталық мешітінде «ИХСАН ІЛІМІ РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ ЖОЛЫ» тақырыбында ақпараттық-танымдық, рухани семинар өтті.

Семинарға ауданға қарасты ауылдық мешіттерінің имамдары, дін қызметкерлері қатысты.

Семинарға Арнайы келген Талдықорған орталық мешітінің ұстазы ЖАНТ мүшесі Мұхаммед Ордыбайұлы имамдар мен ұстаздарды пайғамбар жолында жүрген тұлғалар деп атап:

«Имамдарымыз Ихсан ілімін ең әуелі өз өмірлеріне арқау етуі қажет. Жеке адамға болсын, жамағатқа болсын бір насихат айтпас бұрын, сол ілімге өзіміз лайықты болуымыз керек. Сол кезде ғана ойларымыз бен іс-әрекетіміздің арасында үйлесімділік орнап, айтқан сөздеріміз адамдардың жүрегіне жетіп, оң өзгерістерге септігін тигізе аламыз. Дана халқымыз «ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деп бекер айтпаған. Рухани-адамгершілік құндылықтарды өз бойына сіңірген ұстаз ғана, өзге адамдардың жетілуіне мүмкіндік туғыза алатынын ұмытпаңыздар», деді.

Семинар соңында Имамдардың жұмысына сәттілік тілеп дұға жасалды.{gallery}ihsan{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз