https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/sarr
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/sarr

БІЛІМ АЛУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

20 Mar 2022 0 comment Оқылды: 196 рет

Сарқан аудандық орталық мешітінде құптан намазына жиналған жамағатқа Талдықорған қалалық «Иман»мешітінің ұстазы Табарак Хамитұлы білім алудың артықшылығы тақырыбында уағыз айтып ,Білім алудың артықшылығы және оның адам өміріндегі маңызы талас тудырмайтын мәселе. Білім кез келген адам мен қоғамның дамуына негіз болатын басты факторлардың бірі. Білім жоқ жерді қашанда надандық жайлайды. Надандықтың сипаттық синонимін қазақ – «қараңғылық» деп те атаған. Себебі надандық, білім арқылы келетін адамдағы таным-түсінік сәулесін қараңғылық құрсауына батырып жібереді. Сондықтан ғалымдар «Білім – адамды надандықтың қараңғы қақпасынан шығаратын нұр», - деген.

Білім – кез келген саладағы жаңалықтың және оқиға мен жағдаятқа орай жасалатын анализдің кілті. Діни тұрғыдан алсақ – құлшылықты терең сезіне алудың негізі. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне осының маңызын ұқтырып: «Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді»дейді. Құранда да: «Білетіндер мен білмейтіндердің терезесі тең бе?» – деп, айт», - делінген. Аяттардың мағанасын терең түсіндірді, уағыз соңында жамағаттар ұстазға сұрақтар қойып қанағаттанарлық жауаптар алды.{gallery}sarr{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз