https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Президен жолдауына имамдар да пікір білдірді

16 Mar 2022 0 comment Оқылды: 175 рет

#ЖаңаҚазақстан

Бүгін Президент Жолдауынан мемлекетімізде болатын оң өзгерістерді естіп қуандық.
Әрбір қазақстандық азамат табысты еңбек етіп, елге, Отанға өз пайдасын тигізуге талаптануы қажет. Елдегі тұрақтылықты көзіміздің қарашығындай сақтап, экономикалық даму үдерісіне үлес қосу – біздің парызымыз. Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру арқылы өңіріміздің өркендеуі қарышты болары сөзсіз.
Елімізге түскен ауыр салмақ, зіл сынақты ынтымағымыздың арқасында жеңеміз деп сенеміз. Дәл осындай қиын кезеңде берекемізді қашырмай, мемлекетімізге сенім артуымыз, ауызбіршілігімізді сақтауымыз қажет. «Ел амандығы – ер аманаты» деген. Егемен еліміздің жарқын болашағына бәріміз жауаптымыз.

▪️Аман Айтбосынұлы,
Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің бас имамы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз