{gallery}alakol{/gallery}Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Қарабұлақ ауылының имамы Марлан Нұрбақытұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты бірлесе, «Ата-анаға құрмет–перзент алдындағы міндет» тақырыбында игі іс-шара өткізілді.
Шара барысында Жанама ауылдық округінің әкімі Асқар Сапарұлы және ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы ардақты аналарды мерекелерімен құттықтап, исламдағы ата-анаға құрмет көрсетудің сауабы мен перзентіне жасаған дұға–тілегінің қабыл болатындығын айтып, балаға имани тәрбие берудің маңыздылығы жөнінде ой өрбітті.
«Мұндай игі шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады»,-дейді мешіт жамағаты.
Тіршіліктің тұтқасы, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болған ақ жаулықты аналарға мешіт жамағаты арнайы сый-сияпаттарын табыстап, ізгі лебіздерін білдірді.
Алакөл аудандық мешітінің баспасөз қызметі