https://www.facebook.com/taglym

          

Үлкендерімізге алғыс айтып, батасын алдық...

02 Mar 2022 0 comment Оқылды: 205 рет

Бүгін Алғыс айту күніне орай Талдықорған өңірі бойынша дін және білім саласында қызмет еткен, өңіріміздің рухани, имани тұрғыдан гүлденуіне үлес қосқан ардагер имамдар мен ұстаздарға құрмет көрсетіп, алғыс айтуды жөн көрдік. Атап айтар болсақ, ҚМДБ-ның Талдықорған қалалық "Нұр" мешітінің Бас имамы Жансерік Өмірсерікұлының ұйытқы болуымен, өңірімізде ұзақ жылдар бойы дінімізге қызмет етіп, еңбек жолын иман жолымен өрген Адамбай қажы Ыбрайымұлы мен Құрманғали Мұхаммедұлының, сондай-ақ, қаладағы бірқатар ардагер ұстаздардың еңбектері еленіп, сый үлестірілді. Қоғамның рухани кемелденуі жолында еңбек сіңіріп жүрген барша ілім иелері мен ізгілік нұрын себуші барша отандастарымызға Алла тағала ғибратты ұзақ ғұмыр нәсіп етіп, отбасыларына амандық, бойларына күш-қуат берсін!

Талдықорған қалалық "Нұр" мешіті

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз