https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/malutka
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/malutka

БАС МҮФТИ БАЛАЛАР ҮЙІ БӨБЕКТЕРІНІҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ

26 Feb 2022 0 comment Оқылды: 197 рет

Талдықорған қаласына іс-сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаладағы «Малютка» балалар үйіне барды.

ҚМДБ Төрағасы бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, балалар үйінің қызметкері Жамал апаның тәрбиесіндегі Әмір мен Аяжан есімді балақайлардың тұсауын кесіп, батасын берді. Ата-анасыз қалған барлық балаларға базарлық таратып, қам-көңіл бүлдіршіндердің көңілін көтерді.

«Мемлекет басшысы биылғы жылды Балалар жылы деп жариялады. Осы жыл аясында балаларға айрықша қамқорлық жасалады деп күтілуде. Мемлекетіміз балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге де қолдау білдіріп келеді. Ана-анасынан айырылған балаларды тәрбиелеу оңай емес. Оларға ерекше қамқорлық қажет. Шариғатымызда жетім баланы тәрбиелеген жанның алар сыйы жәннат екені айтылған. Сондықтан Алла Тағала сіздердің қажырлы еңбектеріңізге береке берсін! Осы үйде тәрбие алып жатқан балалар иманды, ибалы азамат болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти «келешегіміз берекелі болсын десек, балаларымызға дұрыс тәрбие беру керек» дей келіп, балалар үйінің барша қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.{gallery}malutka{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз