https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/juma
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/juma

БАС МҮФТИ ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ

26 Feb 2022 0 comment Оқылды: 165 рет

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде «Миғраж оқиғасы және оның ғибраты» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Бас мүфти Исра оқиғасынан мұсылмандар алуы тиіс пайдалы ғибраттарға тоқталып, намаз ғибадаты осы миғражда парыз етілгенін алға тартты.

«Бұл намаз құлшылығының қаншалықты үлкен маңызға, ұлы дәрежеге ие екендігін көрсетеді. Сондықтан намаз – мүміннің рухани миғражы. Намаз арқылы мұсылман адам рухани ем алып, жаман әдеттерден арылады.

Алла Тағала Қасиетті Құрандағы «Анкабут» сүресінің 45-аятында: «Намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды...» деп айтқан. Миғраж түні өткен ғажайып оқиғалар бізге қашан да ғибрат. Сондықтан біз бұған күмәнсіз иман келтіруіміз қажет» деді Бас мүфти.

Насихат барысында ҚМДБ Төрағасы қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайтудың маңызын атап өтті.{gallery}juma{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз