Талдықорған өңірі Ескелді аудандық мешітінде әйел- қыздар арасында "Алла Тағаланың құрметті 99 есімін жатқа сақтап, мағынасына бойлап жатқа айтудан" байқау өтті. Байқауға ауданға қарасты мешіттерінің әйел жамағаты қатысты.
Аудандық мешіттің бас имам Болат Сағынғалиұлының ұйымдастыруымен білім бәйгесінде жақсы көрсеткішке жеткендерге сыйлыққа тұрмыстық техника және заттар берілді. Осы байқауға қатысқан және оны тамашалауға келген үлкен- кіші, бала- шағаға түгел тәттілер үлестірді.
Алла Тағаланың көркем есімдерін ұлықтап, зікір еткен барлық қатысушыға, ұйымдастырушыларға, демеушілерге Алла разы болсын!
Алла білімімізді арттырсын! Тәлімді кеш әрдайым Алла есімдерін айтып зікір етуге шақырды.
{gallery}eskeldi2{/gallery}