{gallery}652{/gallery}Біз бүгінде жаңа технологиялардың дамыған заманы - ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Аллаға шүкір, ұлтымыз иманға ұйысып, халқымыздың діни сауаты артып келеді. Сондықтан мемлекетімізге сауатты, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез-келген діни мәселені байыппен, байсалдылықпен шешуге тырысатын білімі мен білігі толысқан имам-молдалар қажет. Діни һәм ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, өркениет көшінен кеш қалуға болмайды. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының алдына қойған негізгі жұмыстарының бірегейі - имам-молдалардың сауатын жетілдіріп, оларды қайта сараптаудан өткізу арқылы діни қызметтің сапасын арттыру. Осы мақсатта ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының тапсырмасымен өткен жылы бастауын алған имамдардың білімін жетілдіруге арналған оқыту курсының бүгін 7-шы тобына дәрістер аяқталды. Күні бүгінге дейін құрамында 15-ке жуық имамы болған, 7 топ біліктілін арттырды. «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен өткен 20 күндік оқу семинарына алыс-шалғай ауылдардан 15 имам келіп, білімін шыңдады. Өңірдің өкіл имамынан бастап, білгір ұстаздарынан Құран мен ақида, фиқһ, заң мен этика, халал стандарттау бойынша жан-жақты сусындаған имамдар емтихан тапсырды. Жетісу жеріне жұмыс сапарымен келген ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Даулетияр ағамызда сөз алып, батасын берді. Білім деген ұлы құндылық жайында сөз еткен өкіл имам сәттілік тілеп, имамдарға арнайы сертификаттар табыстады.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!