https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/12132
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/12132

Талдықорған: Имамдар сөйлеу өнерін үйренді

10 Apr 2017 0 comment Оқылды: 473 рет

 

{gallery}12132{/gallery}Алла Тағала Құрандағы Рахман сүресінің аятында: «Адамзатты жаратты. Оған сөйлеуді үйретті» деп бұйырды. Шындығында да, сөйлеу адам баласына берілген қабілеттің ең ұлығы. Сөйлеу арқылы адам өз ойын, ішкі толғауларын өзге адамдарға жеткізе алады. 

Дін қызметкерлері де Алланың әмірін, асыл дінімізді көпшілікке жеткізу барасында барынша біліктілігімен қатар, көркем сөз сөйлеу әрі шешендікті де игере білу керек.

Сол себептіде, ҚМДБ-ның тапсырмасы, Талдықорған өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы орталық "Иман" мешітінде имамдар арасында "Нұрлы мінбер" атты өңірлік имамдар байқауы өтті. Байқауда имамдар діни білімдерімен қатар, шешендік мәнермен сөз айту әрі тапқарлығымен сынға түсті.

Бұл сынға сарапшы ретінде өкілдіктің арнайы шақыруымен келген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, профессор, сахна тілінің маманы Мұрат Әбзелбаев қатысты. Мінбердегі имамдардың уағызын тыңдаған ғалым көптеген сын айтумен қатар "Сөйлеу өнерінің шебері" атты бір күндік мастер-классын өткізді. Бұл қысқа дәрісте М. Әбзелбаев уағыздаушының дұрыс тыныс алумен дем шығару, денені тік ұстау, дыбыстық интонацияны дұрыс шығару сияқты құнды кеңестерін берді.

Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз