{gallery}0104{/gallery}Бүгін Талдықорған өңіріне елімізге белгілі теолог-ғалым, исламтанушы, Құран ғылымының докторы Мұхитдин Исаұлы келді. Ғалым көпшілікпен кездесуді жұма намазындағы уағызбен бастады. «Иман» мешітіндегі қасиетті күннің құлшылығына жиналған жамағат ұлағатты ұстаздың уағызын тыңдады. Алланың тарапынан түсірілген қасиетті кітаптар: Таурат, Забур, Инжил және Құран туралы, ондағы Алланың бұйрықтары, Құранның муғжизалары, шарапаты және қасиеттері туралы айтқан Мухитдин Исаұлы, Қасиетті Құран шәріптің адамзатқа жолбастаушы әрі нұсқаушы кітап болып табылатынын, Құранның жарығы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқандығын айтты.
Ал, ақшам намазымен құптан намазы арасында қасиетті Ережеп айының оразасы құрметіне жайылған дастархан басында Талдықорған тұрғындарымен жүздескен ғалым кең ауқымды дәріс жүргізді. Ғылым-білімге құштарлығын оятатын, кішіпейілдік пен ізеттілікке бастайтын тағылымды дәріс соңында жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды.
Ал, ауызашар соңында, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы шәкірттердің арасында Құранды ең үздік жаттағандарға зәмзәм суынан сыйлық таратты.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі