{gallery}310{/gallery}Қасиетке толы жұма күні, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің тікелей мұрындық болуымен қос бірдей қайырымдылық шарасы өтті. Алғашқы шараны облысқа танымал ел ағаларымен бірлесекен өкіл имам орталық мешітте тұрмысы төмен 40 отбасына азық-түліктей қайырымдылық шарасын өткізсе, екінші ұлы шара Талдықорғандағы «Той» мейрамханасында аталып өтті.
Аталмыш «Той» мейрамханасындағы өткен шара, тағдырдың тауқыметіне сабырлық танытқан зағиптар мен мүгедек жандарға ұйымдастырылды
Жалпы саны 200 адамды қамтитын қайырлы істе, дастархан жайылып, ақ тілектер, термелер, ыстық лебіздер білдіріліп, викториналық сұрақтар қойылды. Шара соңында, келген қонақтарға мешіт тарапынан бағалы силықтар таратылды.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі