{gallery}17032{/gallery}Талдықорған өңірі Ескелді аудандық мешітте "Сүндеттеу- сүннет жолы" атты қайырымдылық шарасы өтті. Шараға Алматы қаласынан арнайы маман шақырылып, 27 бала сүндетке отырғызылды.
Талдықорған қаласы «Иман» мешітінің ұстазы Мұхаммед Ордебай асыл дініміздің құндылықтары мен пайғамбарымыздың сүннет жолын уағыз ретінде айтып берді. Осынау ізгі істі ұйымдастырған мешіт ұжымына ата-аналар алғысын айтып тарқады.