{gallery}16032017{/gallery}ҚМДБ – ның тапсырмасына орай Талдықорған өңірі орталық «Иман» мешітенде әйел азаматшаларға үш үлкен шара бір уақытта ұйымдастырылды. Бұл шараға арнайы PhD докторы, Нұр – Мүбарәк университетінің исламтану кефедра меңгерушісі Шәмшәт Әділбаева арнайы шақыртылды. Ғалым ұстаздың келуін естіген Талдықорған қаласының әйел азаматшалары мешітке тола жиналды. «Әлем тәрбиесіндегі әйелдің орыны» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар соныңда 10 – 12 балалы алтын құрсақты аналарымызға мешіт тарапынан бағалы силықтар таратылды. Бұлай етудегі мақсат басқа да жас аналарымызға үлгі ретінде пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмбеттерін көбейтіп, демографияға өз үлестерін қосса деген ізгі ниет.
Сонымен қатар жиналған әйел жамағатын мейірімділікке баулу мақсатында көп балалы тұрмысы төмен 20 отбасына қомақты азық – түліктей жәрдем берілді.
Жан – жақты тәрбие алған азаматшаларымыз төбелері көкке жеткендей үйлеріне тарқасты.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі