{gallery}1203{/gallery}
Жуырда Талдықорған өңірі Ақсу аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен, аналарға құрмет көрсету мақсатында «Аналар әлемнің бесігі» атты кездесу өтті.
Оған көп балалы 18 нәзік жанды аруларымыз арнайы қонақ ретінде қатысты. Кездесу барысында Ақсу ауданының бас имамы Анарбай Тасболатұлы көп балалы аналарымызға силықтар тарқатып, исламдағы әйелдің орны жайында уағыз-насихат айтты.
Адамзат үшін ананың орны ерекше екені бәрімізге аян. Әйелден пайғамбар шықпаса да, пайғамбар ананың құрсағынан шықты. Анаға құрмет ол ұлтыңа, еліңе құрмет деген сөз. Тарихта қаншама батыр аналардың есімі қалды. Атап айтар болсақ, есімі рулы елге айланған Абақ ана, Қызай ана, Домалақ ана, айтыстың падишасы Сара апамыз, тектіліктің бұзылмас қамалы Зере әжеміз, кешегі желтоқсанда атойлап алдыға шыққан Лаззат, Сабира қыздарымыз ұлт жүрегінен өшпестей орын алды. Бүгінгі аналар солардың жұрнағы десек қателеспейтін шығармыз. Бүгінгі аруларымыз атам заманнан бері жалғасып келе жатқан әйелге тән қасиеттерді жоғалтпаса екен дегіміз келеді.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
Матери - колыбель мира
Недавно в центральной мечети Аксуского района было организовано мероприятие «Матери - колыбель мира», целью которой являлась чествование многодетных матерей.
Для встречи в качестве специальных гостей были приглашены 18 многодетных матерей. Всем известно, что в жизни всего человечества мать занимает особое место. Среди женщин нет пророков, но всех пророков родила мать. Уважение к матери - это уважение к народу. В истории очень много имен героев-женщин. Среди них неизгладимый след оставили своим потомкам Абак-ана, Кызай-ана, Домалак-ана, виртуоз айтыса Сара-апа, цитадель нерушимого благородства Зере-аже, участницы декабрьских событии Ляззат и Сабира. И мы не ошибемся называя сегодняшних матерей продолжителями их дел. Мы желаем сегодняшней прекрасной половине человечества не терять благородные женские качества.
Во время мероприятия главный имам районной мечети Анарбай Тасболатулы вручил подарки и рассказал о роли женщин в религии.
Пресс-служба представительства Талдыкорганского региона