{gallery}1003{/gallery}Жетісу жеріне белгілі ғалым-теолог, Нұр-Мүбәрак университетінің оқытушысы Алау Әділбаев және Нұр-Мүбәрак университетінің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі Шәмшат Әділбаева келді. Алғашқы кездесулер Панфилов ауданында басталды. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірінің өкілдігі, Алматы облысы дін істері басқармасы және Панфилов ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен Басқұншы ауылы тұрғындарымен А. Әділбаев кездесіп, Панфилов аудандық мешітте жамағатпен кезігіп, әсерлі уағыз айтты.
Өз қатарында Ш. Әбілдаева Жаркент қаласы Ы. Алтынсарин және Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептерде оқушылармен кездесіп, имандылық және ислам құндылықтары туралы дәріс жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
Ендігі кезектегі кездесулер Панфилов ауданында жалғасып, Талдықорған қаласындағы дәрістер мен кездесулермен ұласпақ.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі