{gallery}2802{/gallery}Талдықорған өңірі,Қаратал ауданының орталық мешітінде аудан,қала,ауыл имамдарына «Білімді имам-білікті имам »атты семинар өтті.Семинарды Талдықорған қаласы «Иман»мешітінің ұстазы Мұхаммед Өрдебай жүргізіп,Ақида ілімінен дәріс берді.Дәрістің арасында қаламыздағы Пушкин атындағы орта мектепте дінтану пәнінің мұғалімдері оқушы қыздар қатысқан « Қызға қырық үйден тиым» атты семинар өтіп уағыз-насихат айтылды. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға қайырымдылық жасалды.Намазға келуші жамағатқа Дін құндылықтары жайлы көркем уағыз айтылды.