https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/26022017
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/26022017

Жаркенттегі жұмыстар жанданды

26 Feb 2017 0 comment Оқылды: 553 рет

{gallery}26022017{/gallery}

ҚМДБ-ның негізгі бағыттарының бірі көпшілік арасында дәстүрлі Ислам дінін насихаттау. Насихат жұмыстары Панфилов ауданы Жаркент қаласында өз жалғасын табуда. Жуырда Алматы облыстық дін істері басқармасы және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігімен бірлесе, Жаркент қаласындағы насихат жұмыстары бірнеше нысандарды қамтыды. Соның арасында, аудандық әкімшілік, аудандық аурухана, аудандық перзентхана, «Диана» медициналық колледжі, әскери шекара бөлмі, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп, аудандық мешіт және қалалық мешіттер.

Кездесулерде жат ағымдармен күрес, суицид мәселесі, білім алу артықшылығы, өмір құндылықтары, Ислам дінінің артықшылықтары және басқа да өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді.

Панфилов аудандық мешітте ауыл және Жаркент қаласы мешіттерінің имамдарына семинар өтіп, семинарда "Ақида" бойынша дәрісті ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр Мубарак университетінің оқытушысы, елімізге белгілі ғалым Ризабек Батталұлы жүргізді.

Ал, жұма намаздағы және жамағатпен кездесудегі уағыздарды мен жат ағымдағылармен жеке кездесулерді "Нұр Мубарак" университетінің оқытушысы, ғалым Жүсіпбеков Жасұлан және Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ахмадиев Серікхан жүргізіп отырды.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз