{gallery}16022017{/gallery}
ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық-насихат тобы жұмысын бастап жіберді. Жетісу жеріндегі Талдықорған өңірінде насихат жұмысын Қостанай облысы өкіл имамы, «Марал Ишан» мешітінің бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы бастады. 13-17 ақпан аралығында РАНТ жоспары бойынша өтетін кездесулердің алғашқы күні болған іс-шаралар мынандай болды:
- І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті қазақ тілі және әдебиеті факультетінің білімгерлерімен кездесіп, тәрбие және имандылық туралы лекция жүргізді.
- Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесіп, тақуалық және мазхаб мәселелері туралы уағыз айтты.
- Талдықорған қаласындағы ЛА-155/16 оқшаулау изоляторында, жазасын өтеушілермен кездесіп, дәстүрлі дін туралы түсінік берді.
- РАНТ мүшелері, Қостанай облысының өкіл имамы Тәжімбет Бахытбек және Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы, Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының студенттерімен кездесіп, имандылық және ұрпақ тәрбиесі туралы лекция жүргізді.
- Талдықорған орталық «Иман» мешітінде діни ағымда болған адамдармен кездесіп, мазхаб мәселесіне тоқтап өтті.
- РАНТ мүшесі, Қостанай облысының өкіл имамы Тәжімбет Бахытбек Талдықорған орталық "Иман" мешітінде жиналған жамағатпен жүздесіп, дәріс өткізді. Қазіргі заманның өткір мәселелеріне тоқталып кетіп, бір қатар сұрақтарға жауап берді.
- Күннің соңғы кездесуі Жетісу Мемлекеттік Университетінің №1 жатақханасында студенттермен кешкі кездесуде иман, ислам, жастар және дін тақырыптарында дәріс жүргізді. Дәрісті қызыға тыңдаған талабалар өзекті мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.
Талдықорған өңірлік баспасыз қызметі