{gallery}11{/gallery}
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі, «Иман» орталық мешітінің бас имамы Серікхан Рымханұлының мұрындық болуымен жамағат арасын біріктіріп, ынтымаққа шақыру мақсатында мешіт ауласында «Жәрмеңкемен жәрдемдес» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге мешіттің әйелдер және шәкірттер жамағаты аса құлшыныспен дайындалып, қала тұрғындарының назарына түрлі азық-түлік өнімдерінен жасалған тәтті тағамдар ұсынылды. Саудадан түскен қаражат мешіт жанындағы қайырымдылық іс-шараларына жұмсалынбақ.
Шараға қатысушылар намаздан соң Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның сүннетін аса құлшыныспен орындады. Ал келушілер өз кезегінде Алла үйінен дәм татып, сауапты істерге қуана атсалысты.
Мешіттің әдемі дәстүріне айналған аталмыш қайырымдылық жәрмеңкесі қаламыздың өзге де мешіттерінде жалғасын таба бермек.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі
Акция «Ярмарка милосердия» в Талдыкоргане
Под руководством полномочного имама-представителя Серикхана хаджи Ахмадиева в центральной областной мечети «Иман» г. Талдыкорган прошла благотворительная акция под лозунгом «Ярмарка милосердия».
В ходе акции прихожане-женщины мечети, а также слушательницы курса религиозного образования накрыли дастархан, принеся из дома приготовленные собственноручно разные сладости и другие блюда и явства.
Несмотря на то, что цены на продаваемые вкусности были явно занижены, впридачу к этому покупателям раздавали бесплатный горячий чай.
Результатом пятничной ярмарки было то, что предложенные сладости были быстро распроданы и собранная от продажи сумма была сразу же отдана на благотворительность.
Прихожане с искренностью решили, что это не была разовая акция и согласились каждый месяц проводит такие сердечные и угодные Единому Аллаху проявление доброты и милосердия нуждающимся братьям и сестрам.
Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону