{gallery}0702{/gallery}Көксу ауданындағы 13 мешіті бар елді мекендерде жұма күні Ақпараттық насихат топ мүшелері уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. ЖАНТ мүшелері мешіттерде жұма уағызын және оқу орындарымен мекемелерде, әкімшіліктерде кездесулер өткізіп, асыл дініміз Исламның құндылықтарын үгіттеп, сонымен қатар ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын жасады.
Әсерлі де тартымды насихаттардан нәр алған ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, имам ұстаздарға алғыстарын айтты.
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
баспасөз қызметі.