{gallery}1101{/gallery}Көксу аудандық мәдениет үйінде «Мәуліт мүбарак болсын» атты рухани-танымдық кеші өтті.
Рухани шараға Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы қатысып, жиналған қауымға бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің сәлемін жеткізіп, мәуліт мейрамымен құттықтап, пайғамбарымыздың ﷺ өмірінен уағыздар айтты, және де аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы жұртшылықты осынау маңызды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.
Мәуліт-шәріф оқылып, Пайғамбарымызға ﷺ салауаттар жолдап, көріністер қойылып, дәстүрлі жыр-термелер, мазмұнды діни әуендер жиналған көпшілікке рухани көңіл күй сыйланды. Рухани жиында сый-сияпаттар жасалынып, еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілеп бата жасалынды, соңында «Достар» мейрамханасында дастархан жайылып, ас берілді.
Көксу аудандық «Балпық би» мешітінің
баспасөз қызметі.