{gallery}2212{/gallery}Мәулид мейрамы (араб.: مَوْلِدُ آلنَبِيِّ) — пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ тұған күнін тойлау рәсімі. Бұл мереке Рабиғ әл-әууәл айының 12-күні тойланады.
Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келетін рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Барлық пайғамбардың үмметі өз пайғамбарларының туған күнін тойлайды. Бүгін де мұсылмандардың мерекесі.
Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын «мәуліт» мерекесі атап өтіледі, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәуліт туған туылған күн дегенді білдіреді. Хазреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбарымыз туған кездегі байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты іс болады. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар.
Мәуліт оқу пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, Алланы мадақтап пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ сәлем жолодау дегенді білдіреді. Хадис шәрифтерде былай бұйырылған: «Мені әке-шешесінен, баласынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам мүмін бола алмайды». «Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине оны көп есіне алады». Аллаһ ризалығы үшін мәуліт отырысын жасап, мәуліт оқу, салауат айту, дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстахаб болады. Бұл күні Құран Кәрім оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақ Тағаладан күнәларымыздың кешірілуін сұрау керек.
Мәуліт мерекесіне орай Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы мәуліт жайлы кеңінен түсіндіріп уағыз айтты, Керімбек пен Мұхаммед ұстаздар мәуліт оқып найб имам Ардақ Нүсіпханұлы пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ өмірінің соңғы сәттерінде болған оқиғаларды айтып жамағаттың көзіне жас ұялатты. Ақын ағаларымыз өзінің өлеңімен де жеткізді. Әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы аналар мен мүгедек жандарға қамқорлық көрсетіліп, қайрымдылық жасалды. Келген жамағат құр қол қайтпасын деген оймен сұрақ – жауап болып бағалы сыйлықтармен отбасыға байланысты, құранға байланысты, мәулітке қатысты кітаптар таратылып мешітіміздің жас құран жаттап жүрген шәкірттерімізге алғыс хат беріліп сыйлықтар жасалды. Баршамызды Алланың құлы пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ шынайы үмметі болуды нәсіп етсін.