https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/09102016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/09102016

Ақсу ауданындағы құран семинары

09 Oct 2016 0 comment Оқылды: 916 рет

Құлдарын қараңғылықтан жарыққа шығару үшін қасиетті Құранды аманат етіп түсірген құдіреті шексіз Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Үмметінің арасына тірі Құран болып жіберілген, Алла сөзін амалмен айшықтаған ардақты Пайғамбарымызға сансыз салауаттар болсын!

Алла Тағала адамзат баласын ақылмен ардақтап, пендесі құр босқа ғұмыр кешіп, құмарын қандырып құрдымға кетпеуі үшін қасиетті Кітабын түсірді. Сол арқылы ақыл иелерін ең тура жолға бастады. Бұл туралы Құран Кәрімде:

إِنَّ هَذَا الْقُرْآنَ يَهْدِي لِلَّتِي هِيَ أَقْوَمُ وَيُبَشِّرُ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرًا كَبِيرًا

«Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді».

Ғұламалар Алла Тағаланың аяттары (аят – араб тілінен аударғанда белгі, яғни Алланың құдіретінің белгісі дегенді білдіреді) Құранда түсірілген оқылатын кітап аяттары және адамның жан-жағындағы жаратылыстан көрінетін аяттар болып екіге бөлінеді дейді. Құранды оқу арқылы ақыл иелері Алланың аяттарынан үгіт алса, маңайындағы мүлтіксіз шеберлікпен аса көркем түрде жаратылған, Жаратушының құдіретін паш етіп тұрған жаратылыстан Оның құдіретін таниды.

Жаратылысқа қарап ой жүгіртудің сауаптылығы жайлы Құран Кәрімде аяттар жетерлік. Бірақ біз бүгін адамзат баласын дүние мен ақіретте бақытқа кенелту үшін түсірілген Алланың сөзі – Құранды оқудың артықшылығы жайлы сөз етпекпіз.

Жетінші ғасырда қараңғы Хира үңгірінде алғаш«Оқы!»деп басталған бұл Кітап сол үңгірді ғана жарық етпей, бүкіл әлемге нұр болып келді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кеудесін қысып барып берілген алғашқы аяттар күні бүгінге дейін қанша жанның кеудесін қыспақтан құтқарып, жүрегін жайландырды десеңізші!

Бұл өмірде сырт көзге қарағанда төрт құбыласы тең болып көрінетін қаншама мол байлықтың иелері жүректері тыныштық таба алмай, қаншама қаражатын түрлі мамандардан кеңес алуға жұмсап жүр. Жүректі тыныштандырып қана қоймай, нұрландыратын, адамды шынайы бақытқа жетелейтін Жаратушының тегін кеңестеріне құлақ аспай жүргендер қаншама. Осы орайда Талдықорған өңірі Еркін мешітінің бас имамы Медетбекоа Аман Айтбосынұлы Талдықорған өңірі Ақсу ауданында 1 күндік семинар өткізді. Ол семинарда ауыл имам молдаларға құраннан тәжуйдтен дәріс өтілді.

 

Талдықорған өңірі. Еркін мешітінің

бас имамы Аман Айтбосынұлы{gallery}09102016{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз