{gallery}2906{/gallery}Панфилов ауданы Жаркент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан дастархан жайылып, ауданның кәсіпкерлерімен ақсақалдары және зиялы қауымына ауызашар берілді.
Ауызашарда ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев имандылық, адамгершілі хақында салиқалы әңгімелер айтып, Ораза айының қадір-қасиеті, ауызашар, пітір-садақа берудің маңызы мен сауабы туралы ойларды ортаға тастады.
Ақсақалдар өз атынан діни басқарма өкілдеріне ризашылығын білдіріп, баталарын беріп, елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тіледі.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
Разговение от имени главного муфтия
В городе Жаркент Панфиловского района накрыли дастархан от имени верховного муфтия республики Ержана Маямерова. В дастархане-разговении накрытом в честь священного месяца Рамазан, приняли участие предприниматели района, а также интеллигенция и местные аксакалы.
Полномочный имам Талдыкорганского региона Ахмадиев С. В своей речи-проповеди рассказал о веротерпимости и толерантности, а также о достоинствах поста, разговении и других обрядов священного месяца.
В свою очередь, аксакалы выразили благодарность представителям духовенства и пожелали блага, мира и процветания нашей стране.
Пресс-центр ДУМ Казахстана по Талдыкорганскому региону