{gallery}2806{/gallery}Талдықорғанда биылғы жылы шілденің шіліңгір ыстығына қабыса келген қасиетті Рамазан айында Талдықорған өңірлік мешіті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан бірқатар журналист қауымының қызметкерлеріне ауызашар дастарханын жайып, қонақ қылды. Ораза ұстаған журналистер қауымының әрине, игі қадамға Алла тағаланың разылығы үшін барып, ниет қылғанын сезіну айтпаса да түсінікті.
Ауызашарда ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев имандылық, адамгершілік, жастар тәрбиесі хақында салиқалы әңгімелер айтып, Ораза айының қадір-қасиеті, ауызашар, пітір-садақа берудің маңызы мен сауабы туралы ойларды ортаға тастады.
Ауызашар дастарханында ҚМБД-дан арнайы келген, «Халал» өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев те қатысты.
Ауызашар асының соңында «Баракат» кафесі мен «Кишлак» мейрамханасына ҚМДБ атынан олардың халал стандартына сай болған қызметтеріне қатысты арнайы сертификаттар табыс етілді.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
Ифтар-разговение для журналистов
В городе Талдыкорган, в кафе «Баракат» был дан традиционный ужин - ауызашар, на который представительстом ДУМК были приглашены представители местных СМИ. Всего было около 50 человек.
Встречая гостей, полномочный имам Талдыкорганского региона Ахмадиев С. поздравил журналистов со священным месяцем Рамазан. На ифтаре также присутствовал представитель ДУМК, заведующий отделом сертификации халяльных продуктов Б. Мырзагелдиев.
Ауыз ашар проходил в форме дружеской беседы. Журналисты задавали вопросы главному имаму Ахмадиеву С. и представителю ДУМК.
И, наконец, в завершении Б. Мырзагелдиев вручил халяль-сертификаты Духовного управления мусульман Казахстана кафе «Баракат» и ресторану «Кишлак», продукты и услуги которых соотвествовали требованиям Исламских норм шариата.
Пресс-центр ДУМ Казахстана по Талдыкорганскому региону