{gallery}16062016{/gallery}Талдықорған өңірі Ескелді аудандық мешітте Рамазан айының алғашқы он күнінде толықтай хатым Құран оқылды. Ескелді ауданының бас имамы Болат Жұмағалиев қариларға алғысын білдіріп, иықтарына шапан жапты. Өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлының тапсырмасымен «Иман» орталық мешітінің ұстазы Мұхаммед Ордабай тарауих намазына жиналған жамағатты рамазан айымен құттықтап, насихатын айтты.