https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/0506
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/0506

Талдықорғандағы Рамазан алды іс-шаралары

06 Jun 2016 0 comment Оқылды: 1185 рет

 

{gallery}0506{/gallery}Қасиетті Рамазан айының қарсаңында қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев бір қатар қайырымдылық шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі мүгедек бүлдіршіндерге дастархан жайып, кіріп келе жатқан Рамазан айымен құттықтады. Дастархан барысында кішкентай сәбилерге арнап мультфильм кейіпкерлері бейнесіндегі аюлар көрсетілім көрсетіп, балалардың көңілін шаттыққа толтырған соң, өкіл имам С. Ахмадиев балаларға ойыншықтар және силықтар таратты.

«Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы екі лимузин қызмет жасап, қаланы қыдыртқан соң, «Б. Римова» атындағы драма театрында аталмыш балалар үйінің бүлдіршіндеріне және көп балалы жанұяларына «Алдар көсе» атты көрсетілімі қойылып, балалардың көңілін көтерді. Қойылым соңында өкіл имам сәбилерге балмұздақ және тәттілер таратып, көңілдерін аулады.

Қасиетті жұма күні өңір өкілі С. Ахмадиев телеарналар журналистеріне сұхбат беріп, қасиетке тола Рамазан және оразаның қадір-қасиеттері туралы айтып, ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының Рамазанға байланысты үндеуін жеткізіп, көпшілікі мүбәрік Рамазан айының кіріп келуімен құттықтады.

Сондай-ақ, жұма күні өкіл имам Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінде биылғы жылы мектеп бітіруші түлектер және жастармен кездесті. Кездесуде C. Ахмадиев білімнің маңыздылығы, өмірдің әр кезеңдегі сынақтары туралы тыңдарманның құлағына құяр әсерлі уағыз айтты. Исламның құндылықтары, Құранның қасиеттері және Құранға қатысты ғылыми жаңалықтар мен нақты дәйектемелерді келтірді. Жиын соңында, ҚМДБ-ның өкіл имамы мектеп бітіруші жас түлектерге сәт сапар тілеп, батасын берді.

Үрдіске айналған қасиетті жұмадағы жәрмеңкеде мешіттің шәкірттері, қыз балалар өз үйлерінен арнайы пісіріп әкелген халал өнімдерін саудаға салып, түскен қаражатты мешіт тарапынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларына өткізді. Әр жәрмеңкеден түскен қаражат бірнеше отбасының мұң-мұқтажына өтеуге себепкер болса, бұл жолғы қаражат та мүмкіндігі шектеулі болған жандарға таратылды.

Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Мероприятия перед Рамазаном в Талдыкоргане

В предверии священного месяца Рамазан, полномочный имам-представитель ДУМК по Талдыкорганскому региону С. Ахмадиев организовал несколько благотворительных мероприятий.

С поздравлением наступления священного месяца, специально накрыв дастархан для детей с ограниченными возможностями, имам раздал им подарки в виде игрушек и сладостей. При этом еще детям подняли настроение мишки в виде героев из популярных мультфильмов.

В благословенный для всех мусульман день для воспитанников детского дома «Айналайын» были организованы поездки по городу на двух лимузинах. А после детям из многодетных семей в драматическом театре имени Б. Римовой был показан сатиристический спектакль «Алдар косе». После спектакля С. Ахмадиев раздал детям сладости в виде мороженого.

Дав интервью журналистам, имам региона поздравил жителей области со священным месяцем Рамазан и донес до телезрителей обращение верховного муфтия Е. Маямерова в связи с наступлением священного для всех мусульман поста в месяц Рамазан.

Также в благословленную пятницу в центральной мечети «Иман» города Талдыкоргана имам региона С. Ахмадиев провел встречу с выпускниками школ и молодежью города. На встрече имам региона коснулся темы достоинства получения знаний в Исламе, о разных испытаниях встречающихся на жизненном пути. В конце встречи, представительДУМК дал свои напутствия и благословив молодежь, пожелал счастливой пути во взрослой жизни.

Уже по традиции под руководством полномочного имама Серикхана хаджи Ахмадиева в центральной областной мечети «Иман»  г. Талдыкорган прошла благотворительная ярмарка.Как обычно на ярмарку прихожане-женщины мечети, а также слушательницы курса религиозного образования принесли свежепеченые халяльные продукты. Все вырученные от продажи продуктов средства переданы на благотворительность.

Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз