https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/2904
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/2904

Оқушылармен жүздесу

29 Apr 2016 0 comment Оқылды: 1169 рет

 

 

{gallery}2904{/gallery}Осы аптаның сейсенбісінде Талдықорған өңірі, Қаратал ауданы №51 мектеп-гимназиясында «Ислам және Зайырлы қоғам» атты діни семинар болып өтті. Аталған семинарға аудандық мешітінің наиб имамы Мирас Боқашев, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Еркебұлан Накипов сонымен қатар аталған мектептің оқушылары қатысты. Жиынның мақсаты болып, қазіргі таңдағы қоғамдағы ислам дінінің маңыздылығы, оның рөлі, жастардың жат ағымдардың шырмауына ілесіп кетпеу жайлы болды. Ең алдымен аудандық мешітінің наиб имамы Мирас Боқашев сөз алып, оқушыларға ислам дінінің адазат баласының алдындағы маңызы жайлы мағлұмат берді. Ол сонымен қатар, оқушы жеткіншектерге негізінен теріс бағыттағы ағымдар жайлы ақпарат беріп, оның халқымызға тигізер үлкен кесел екендігін жеткізіп, олардан аулақ болу керектігін ескертті. Кейіннен жастар ресурстық орталығының жетекшісі Еркебұлан Накипов қазіргі таңда ислам дінінің маңыздылығы өте зор екендігін жеткізді. Атап айтқанда, өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен оның тұлға боп қалыптасуында діннің ерекше орын алатындығын айтты. Сонымен қатар, жастардың дәсүрлі ата-бабамыз ұстанып келген дінге бет бұруы еліміздің кемел келешегінің жарқын болатындығына сенетіндігін білдірді. Жиын соңында оқушылар көкейде жүрген діни сауалдарын жолдады. Аталған сұрақтарға аудандық мешітінің наиб имамы Мирас Боқашев толымды жауап берді.

Әбудардан Таласбай

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз