{gallery}20042016{/gallery}Бүгін Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітіне Алматы облысы Дін істері басқармасының жаңа тағайындалған басшысы Рахмет Разбекұлы Есдаулетов арнайы сапармен келді.
Қала имамдарымен кездесуде жаңа басшы ел дамуына зор үлес қосып келе жатқан дін мен дін қызметкерлеріне ризашылығын жеткізіп, біргелікте жұмыла жұмыс жасауға шақырып, басқарма және тарапынан барынша дін мен қоғамның дамуына қолдау көрсететінін айтты.
Жиын соңында Р. Есдаулетов пен Талдықорған өңірінің өкіл имамы С. Ахмадиев бір-біріне сыйлық беріп, өкіл имам жаңа басшыға қызметіне табыс тілеп, бата берді.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі