{gallery}14042016{/gallery}Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл республиканы жасыл елге айналдыру жөніндегі бастамасы барлық облыста қолдау табуда. Ислам дінінде де табиғатты аялау жақсы іс деп саналады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтып өткен Хадисте де: “Қиямет-қайым басталған кезде кімнің қолында бір құрма ағашының көшеті болса, қиямет болмастан бұрын отырғызуға күші жетсе, дереу отырғызып үлгерсін” және бір мүбарак хадисінде
“Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі”.
“Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады”, – деген екен.
Ағаштың қоршаған ортаға беретін пайдасының мол екеніне ғылымның да көзі жетіп отыр. Ағаш ылғалды сақтайды, құм көшуден қорғайды, егіндікті желден аман алып қалады, күннің ыстығынан қорғайды, топырақтың тұздануын азайтады, көмір қышқылын жұтып, оттегі бөлу арқылы ауаны тазартады.
Қазақ халқы құдық қазуды, өзенге көпір салуды, жерге ағаш егуді ең сауапты іс деп білген. Олай болса, оны қолдап жүрген азаматтардың іс-әрекеті өте сауапты іс деп санаймын.Экологиялық проблемаларды шешу – жалпы халықтық іс. Сондықтан, біз де Әр көктем мезгілінің басында қол қусырып қарап отырмай білек сыбана іске кірісіп кеттік.
Еркін мешітінің бас имамы
Медетбеков Аман