{gallery}1004{/gallery}Жуырда Талдықорған өңірі, Ақсу ауданына қарасты Қапал, Егінсу, Қызылағаш және Жансүгір ауылдарынан шет елдерде діни білім алып жатқан шәкірттер бар.
Тәлім алып жатқан шәкірттердің отбасымен сөйлесіп, мән-жайды білу үшін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы, Ақсу ауданының бас имамы Мәмбетов Анарбай Тасболатұлы арнайы барып қайтты.
Кездесуде оқып жатқан шәкірттердің келетін уақыттары, басқа күдікті ойлары бар не жоқ екендігі, ҚМБД-нан рұхсат алғаны, не алмағаны, келешекте оқитын балаларды өзіміздің еліміздегі медреселер мен университетте оқыту жайлы сөз қозғалды.
Ақсу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі.