{gallery}0904{/gallery}Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Талдықорған қаласындағы Жастар спорт кешенінде қазақ күресінен түйе балуандар арасында облыстық "Талдықорған бөрісі" іріктеу сайысы өтті. Аталмыш жарыста 30 саңлақ өз мықтылығын сынақтан өткізді. Турнирге қатысушылар тізімінде Қазақ күресі, самбо және дзюдодан әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Сонымен қатар Азия құрлығында топ жарғандар мен ел біріншілігінің жеңімпаздары да қалыс қалмаған. Соның бірі Талдықорған орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Дәуітов Керімбек және мешіт жамағатынан үш палуан қатысып, күштерін сынады.
Нәтижесінде, К. Дәуітов жүлделі орынды иеленіп, ынталандыру сыйлығына ие болды. Жүлдені алған бауырымызға Алла денсаулық, семьясына бақытты өмір нәсіп етсін, Алла жолындағы қажымас қайратты еңбегін сауаптан жазсын!
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
Имам – в числе призеров
В Талдыкоргане в спортивном комплексе «Жастар» в честь 25-летия независимости Казахстана прошел отборочный турнир по казакша курес «Талдықорған бөрісі». В состязании приняли участие 30 спортсменов, среди которых за звание лучшего боролись чемпионы по Казакша курес, мировые чемпионы и призеры по самбо и дзюдо. В участие также приняли участие и примерили свои силы - найб-имам мечети «Иман» Керимбек Даутов и три борца из числа прихожан мечети.
В итоге К. Даутов завоевал призовое место и получил поощрительный приз. Мы желаем получившему призовое место нашему брату здоровья, счастья в семейной жизни и счастья в обоих мирах!
Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону