https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/3103
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/3103

Исламмен қоғамның бірлесуі

31 Mar 2016 0 comment Оқылды: 1082 рет

 

{gallery}3103{/gallery}Талдықорған өңірі, Текелі қаласына Нұр-Мүбәрак Египет Ислам Мәдениеті Университетінің оқытушысы, әрі Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Ризабек Батталұлы келіп ат басын тіреді. Мәдениет үйіндегі кездесу барысында жиналған жамағатқа ислам дінінің бейбітшілік діні екендігін, адамзат баласына ешқандай зиянын келтірмейтіндігін тілге тиек етті. Сонымен қатар әрбір мұсылман баласы сол ислам дінін түсініп, дұрыс бағытта ұстанып, бейбіт түрде өмір сүрулері керек екендігін айта келе ислам тарихы бойынша жан-жақтылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналған жамағат көкейкесті сұрақтарына қанағаттанарлық жауапқа ие болды. Сондай-ақ кездесу барысында Текелі қалалық мешіті мен Текелі қалалық дін істер басқармасы бірлесе отырып «Дін саласындағы өзекті мәселелер» бойынша 20 сұрақ-жауап кітапшалары жамағатқа таратылды.

Сондай-ақ, РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы Талдықорған өңірі Ескелді ауданы Қарабұлақ орталық мешітінде болып жиналған аудан тұрғындарына «Ислам - бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз айтып ислам әрқандай ұлтты дәстүрінен, тілінен айырмайтын бейбіт дін екенін жеткізді. Сондай-ақ уағызға қатысушы шәкірттер мен дінтану пәні мұғалімдерінің сауалдарына тұшымды жауап берді. Сонымен қатар, өңіріміздің өкіл имамы С.Р. Ахмадиев жамағатқа және халықты уағызымен сусындатқан ұстазымызға алғысын білдіріп, белсенді жұмыс атқарған ауыл имамдарына ақшалай жане мақтау қағазымен марапаттады. Осы бір игі шараға жиналған қауым ризашылығын білдіріп тарқасты.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі


Ислам и общество едины

В Талдыкорганском регионе в городе Текели побывал преподаватель Египетского Исламского культурного университета «Нур-Мубарак» и член республиканского агитационно-информационной группы Ризабек Илимбаев.

На брифинге  состоявшемся в Доме культуры ученый-теолог рассказал о толерантности в Исламе, о вкладе Ислама в становлении мира и согласия на земле. А также провел лекцию на тему правильного курса мусульманина в Исламе, мирного сосуществования и привел разные примеры.

Участники встречи задали вопросы и получили на них исчерпывающие ответы. Также на встрече были разданы брошюры на тему «Разные актуальные вопросы в религии».

Этим же днем, Р. Илимбаев в районной мечети провел встречу с жителями и религиозными служителями Ескельдинского района. В лекции на тему «Ислам – религия мира» ученый затронул темы о том, что Ислам поддерживал и поддерживает обычаи и традиции всех народов мира. Собравшиеся ученики и учителя получили исчерпывающие ответы на заданные вопросы.

В конце встречи полномочный имам по Талдыкорганскому региону С. Ахмадиев выразил благодарность ученому, а также провел церемонию награждения активным служителям мечетей района.

Пресс-центр ДУМК по Талдыкорганскому региону

   

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз