https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/28032016
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/28032016

Мешіттегі Наурыз мерекесі

29 Mar 2016 0 comment Оқылды: 1337 рет

 

          {gallery}28032016{/gallery}Ұлыстың ұлы күні Наурыз –шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы. Қазақ  халқы да барша шығыс халықтары сияқты Наурыз мерекесін айрықша бағалап , оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған.  Наурыз айы келісімен жерге көк шөп шығып, мал төлдеп халықтың барлығы бір-бірімен көрісіп арқа-жарқа болып жатады. Ақ мол болсын, жылымыз ырысты, берекелі болсын деп ақ жаулықты аналарымыз қазан көтеріп жеті түрлі дәмнен ырым етіп көп көже пісіретін болған.

   Наурыз мерекесі шариғи мереке болмағанымен қазақ халқының ұлттық мерекесі. Айтулы мереке Алматы облысы, Ақсу аудандық орталық мешітінің бас имамы Манбетов Анарбай Тасболатұлының ұйымдастыруымен аудандық орталық мешіттінде науырыздың 25 жұлдызында аталып өтті. 

Ауданымызға арнайы  келген ҚМДБ-ның  Алматы облысы, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы және Талдықорған қаласындағы аймақтық орталық «Иман» мешітінің бас имамы Ахмадиев Серікхан-қажы Рымханұлы жиналған көпшілікке  тәубенің қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, мешітке жиналған  көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.« Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!  Наурыз — жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке..., науырыз асыл дінімізбен біте қайнасқан салт-дәстүріміз. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін» -деді.  

    Наурыз мерекесін тойлау барысында, мешітіміздің ауласында «Қазақша күрес», «Гір көтеру» сынды спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастрылды. . Барлық жарысқа қатысушы спортшыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Соңында  Наурыз мерекесіне келген жамағат  «Наурыз көжеден » дәм татып, алғыстарын айтып тарқасты.

                                                                        

 Ақсу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі.           

               Праздник Наурыз в мечети

 Великий праздник Наурыз- является общим праздником, множества восточных народов. Казахский народ как и другие восточные народы особо ценит праздник Наурыз,и каждый год с достойнством отмечают праздник. Этот светлый праздник , олицетворяя собой высокие принципы мира, гуманизма, трудолюбия, выступая символом дружбы и доброжелательности. Этот красивый, широко отмечаемый весенний праздник способствует укреплению мирных отношений между людьми и популяризирует историко-культурные традиции многих народов. Для казахов этот праздник является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы.  С приходом праздника казахи одеваются в праздничные одежды, ходят друг к другу в гости, готовят из семи лакомств «Наурыз коже »  и обмениваются поздравлениями и пожеланиями благополучия в наступающем году.

У нас  Наурыз отмечается как народный праздник. По инициативе главного имама Аксуского района  Алматинской области Манбетова Анарбая Тасболатовича 25 марта был проведены праздничные мероприятия.

В празднике принял участие и выступил с проповедью «Способность к покаянию»  представитель ДУМК-а по Талдыкурганскому региону Алматинской области, главный имам центральной региональной мечети  «Иман » Ахмадиев Серикхан-кажы Рымханулы. А также поздравил всех собравшихся с праздником. «Примите искренние поздравления с великим праздником Наурыз, праздником   весеннего обновления.Наурыз — начало года, совпадает с днём весеннего равноденствия,  символ процветания и укрепления единства и дружбы,символ чистоты и радости. Дорогие гости в празднике Наурыз  гармонично переплетаюся  друг с другом религия и традиции.

Желаю всем здоровья,счастья,радости и благополучия, пусть в каждом доме царит мир и спокойствие, уют и изобилие!».

В связи с праздником были проведены спортивно-разлекательные  мероприятия «Қазақша күрес», поднятие гири. Победители были награждены ценными призами. По окончании  праздника приглашенных угостили  «Наурыз көже ».

Пресс-служба Аксуской районной центральной мечети

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз