{gallery}170320161{/gallery}Талдықорған орталық «Иман» мешітінде ҚМДБ-ның Тұжырымдамадағы көрсетілген бағдарлама бойынша әйелдерге арналған діни сауат ашу курсында 80-нен аса шәкірттер дәріс алуда.
Бүгін діни сауат ашу курсының ІІІ-нші сатысының бітіруші түлектеріне салтанатты түрде білім деңгейін растайтын арнайы сертификаттар табысталды.
Салтанатты жиында сөз алған ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев түлектерді алған білімдерімен құттықтап, 30 шәкіртке сертификаттар табыс етті.
Жиын соңы жайылған дастарханмен жалғасып, І және ІІ сатыдағы шәкірттер білім жолындағы қыр сырлары әрі ойларымен бөлісті.
ҚМДБ ның Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі