{gallery}14032015{/gallery}Талдықорған өңірі орталық «Иман» мешітінің ұжымы соңғы 3 жылдықта аянбай еңбек етіп жатқаны баршамызға аян. «Халық айтса қалт айтпас» дегендей өңір имамдарының жемісті еңбектерін әкімдік тарапымен бірлесе қызмет етіп жатқандарынан әрі, интернет желісінен де көруге болады..
Әрине барлық қайырлы іс-Алла разылығы үшін. Дегенмен, «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген қанатты сөз тағы бар. Жуырда барлық игі іске мұрындық болып жүрген Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлына халықтың кейбірі ауызша қуанышын жеткізсе, енді бірі Алғыс хат арқылы рахметін айтысқаны тағы бар .Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы Жолдасбеков академиясының төс белгісмен марапатталғанын жеткізгіміз келеді. Алла ісіңізге береке берсін!