{gallery}03032016{/gallery}Егемендігінің жиырма бесінші жылдығына аяқ басқан мерейлі мемлекетіміз үшін наурыз айы атаулы күндермен айшықталады. Аталмыш айдың екісі күні Сарқан ауданы Екіаша ауылдық округінің мәдениет үйінде «Бір-бірімізді аялайық» атауымен қайырымдылық концерті болып өтті. Шапағаты мол шара шымылдығын ауыл имамы Алмаз Әлімбаев қасиетті Құран оқумен ашты. Алғашқы сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы қазіргідей кезеңде ауыл имамының біліктілігі мен білімі ауылдағы діни тұрақтылыққа, береке мен бірлікке айрықша әсер ететіндігін баса айта келе қоғамдағы түрлі келеңсіздіктер адамның ақылсыздығынан, білімсіздігінен емес имансыздығынан туындап жатқанқандығын, Алланы жиі ауызға алу, жылы жүрекке нық ұялату әрбір ісімізді алға апаратындығы хақында орынды айтып өтті. Бұдан кейін көпшілік назарына ұсынылған бейнебаян өзегіне асқақтаған пенденің тәубәсін еске түсіретін мүмкіндігі шектеулі жанның тірлігін арқау етті. Жаратқанның жазуына іштей мойынсұнған жанның бес уақыттық Аллаға құлшылықты құр жібермеуі тамашалаған талай жанның көкірегіне көрікті ой салғаны анық. Сондай-ақ шарасында кезінде ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы тұрмысы төмен жанұяларға сый-сыяпат көрсетті. Бұдан соң жиылған жұртшылыққа мәдениет ошағының өнерпаздары, мектеп оқушылары, балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Қайырымдылық кешін Сарқан ауданының бас имамы Серікбек Асқарұлы қорытындылап өткізіліп жатқан шараның мән-маңызына тоқтала келе жиылған жамағатқа тағылым мен тәрбиеге толы ғибрат айтты. Соңында қатысқан қауым ақ пейіл мен мейірімге толы дастархан басында концерт барысында жиналған қаражаттың ауылдағы мүмкіндігі шектеулі 5 жанға теңдей бөліп берілгендігінің куәсі болып жүздеріне иман ұялатып тарасты. Шараға мұрындық болған ауыл имамы Алмаз Әлімбаевтың осынау тірлігі ауыл әкімінің, мәдениет қызметкерлерінің жалпы тұрғындардың ауызбірлігін көрсетсе керек.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
Благотворительность без границ
В этом году мы празднуем 25-летие независимости нашей Родины, а праздничные мартовские дни как бы украшают нашу радость и настроение. 2 марта в сельском доме культуры Екиаша Саркандского района прошел благотворительный концерт под названием «Забота друг о друге». Это благое мероприятие открыл сельский имам Алмаз Алимбаев чтением священных аятов из Корана.
Полномочный имам ДУМК по Талдыкорганскому региону С. Ахмадиев в своей речи затронул о нынешнем состоянии сельских имамов, их образованности и квалификации, их заслугах ради единства и согласия народа, а также высказался по поводу того, что все разногласия в обществе происходят не только по незнанию и невежестве, но и по причине бесчестности и неверии в Творца. Также уместным было высказывание о том, чтобы все мы поминали чаще Аллаха и что толькко наши теплые сердца ведут нас по правильному пути.
В мероприятии полномочный имам ДУМК по Талдыкорганскому региону С. Ахмадиев раздал подарки малообеспеченным семьям.
Затем перед собравшимися показали свои выступления представители дома культуры, учащиеся школы и воспитанники деского садика.
Денежные редства, собранные во время концерта, полным сочувствия и доброты были розданы для людей с ограниченными возможностями, которые живут в этом ауле.
ПРЕСС-ЦЕНТР ДУМК ПО ТАЛДЫКОРГАНСКОМУ РЕГИОНУ