{gallery}23022016{/gallery}Жетімнің басын сипап, оларға қамқорлық қылу, адам баласының жүрегін жұмсартары ақиқат. Көздері жәудіреп, сұраулы көзбен қараған жанарлары жүрегіңді еріксіз елжіретеді.
Талдықорған қаласында орналасқан «жөргектегі нәрестелер» үйінің тәрбиеленушілерін өкіл имам Серікхан Рымханұлы балалар қалашығына апарып әр-түрлі ойын-сауықтармен ойнатып қайтты. Балалардың жүрек қуаныштары көздерінен көрініп тұрды.
Ал, түстен кейінгі хайырлы іс, мүгедек жандарды зиярат етумен жалғасын тапты. Кембағал жанды көргенде Алланың өзіңе берген ұлы нығметтерін сезінбеске шараң жоқ.
«Сити плюсь» ойын-сауық орталығындағы үлкен экраннан тамашалаған мультфильм балалардың мерейін бір өсіріп тастады. Артынша күтіп тұрған тәттілермен қоса даяр тұрған тағамдары тағы бар.
Өкіл имамның бір күні осындай ізгілікті іспен толысты. Лайым елімізде жетімдермен мүгедек жандардың саны аз болсын.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
taglym.kz