{gallery}15{/gallery}Ақпан айының басында Қарабұлақ Текелі тас жолында жол апаты болды. Осынау жан түршігерлік жол апатынан жеті адам өмірден қош айтысты
Ескелді аудандық Қарабұлақ орталық мешітінің бас имамы Б.Сағынғалиұлының ұйымдастыруымен марқұмдарға арнайы Хатым Құран бағышталып марқұм болған жандардың құрметіне ауданға қарасты Жетісу мейрамханасының меңгерушісі Ж.Болатұлы 220 адамға арнайы дастархан жайды. Қазақтың дәстүрі бойынша жұбату шәйына марқұмдардың ет жақындары арнайы шақырылды.
Осынау шараға Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Рымханұлы
арнайы келіп көңіл айтып, сабыр мен тағдыр жайында уағыз айтты.