{gallery}11022016{/gallery} 09 Ақпан күні Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы
Рымханұлының бастамасымен орталық «Иман» мешітінде кезекті мәжіліс болып өтті.
Мәжілісте әуелі аудан- қала имамдарына өткен жылда өте жоғарғы деңгейде қызмет атқарғандарына әрі, берілген тапсырмалар уақытымен орындалып тұрғанына рахмет айта отырып, өкіл имам, биылғы 2016 жылды да жағымды жаңалықтармен толтырулары үшін бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Атап айтсақ: ҚМДБ-ның тұңғыш рет өткен имамдар форумында қабылданған 4 құжаттарын жатқа білулері, сонымен қатар осы жылы аталмыш құжаттардан сараптама болатынын ескертті.
Көтерілген мәселелерден, мүгедек жандарға зиярат етумен қатар оларға қайырымдылық жасау, тіркелмеген мешіттерді тез арада тіркеу, шәкірт оқытуды жандандыру, ас беру мен тойдың дастарханының ара- жігін ажыратулары және ысырапшылдыққа жол бермеулерін тапсырды.
Жиналыс қортындыланып, аудан- қала имамдары осы жылыда аянбай еңбек етіп тер төгулеріне сөз берді.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі